КПО-ның ТҰРАҚТЫ
ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ 2022
Бұл біз үшін неге маңызды?

Қауіпсіз су ресурстары мен санитарияға қол жеткізу адам құқықтарының бірі болып табылады.

Суды шамадан тыс және ұтымсыз тұтыну су ресурстарының сарқылуына және өндіріс пен шаруашылық қажеттіліктері үшін су тапшылығына, су экожүйелерінің нашарлауына және су объектілерінің табиғи көбею мен тазарту қабілетінің төмендеуіне қатысты әсерлерге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Компания міндеті – су қорларын сақтау мақсатында оларды тиімді пайдалану. КПО кәсіпорындағы ауыз суды пайдалануды су қорларын сақтау бойынша шаралар кешені арқылы реттейді және мүмкіндігінше тазартылған суды қайта пайдаланады.

Су қорларын тұтыну және су тарту

Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану – бүкіл адамзаттың, сондай-ақ компаниямызның алдында тұрған маңызды және басым міндет. Су – тіршілік көзі және құнды өнеркәсіптік шикізат.

Компанияның су ресурстарын пайдалануға өндірістік әсер ету қауіп-қатерін азайту бойынша жұмысымыздың нәтижелері төменде келтірілген.

36-кесте. Ағынды суларды басқару бойынша міндеттер

2022 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2022 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2023 жылға қойылған міндеттер

Өндірістік ағынды суларды айдау жобасына № 3 қосымшаны әзірлеу бойынша жұмыстарды жүргізу

Орындалды

  • Өндірістік ағынды суларды айдау жобасына № 3 қосымша және оған ықтимал әсерлер туралы есеп әзірленіп, мемлекеттік органдармен келісілді.
  • Айдауға рұқсат беру үшін жұмыс бағдарламасы жаңартылды.

ІІ триас қабатындағы перфорация аралықтарын ұлғайту үшін РП-6 айдау ұңғымасына жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Экоорталықтың ластанбаған аумақтарынан жиналатын нөсер және еріген суларды жинау жүйесінің № 32 чегін тазалау.

Орындалды

Чекті тазалау 100 % орындалды. Ластанбаған аумақтардан нөсер суларын тазарту жүйесінің 2.06 тонна шөгіндісі алынып, Ап-ке қайта өңдеуге жіберілді.

 

ӨБТК аяқталғанға дейін өндірістік қажеттіліктер үшін ҚМГКК техникалық сумен тұрақты үздіксіз және экологиялық қауіпсіз қамтамасыз ету үшін оңтайлы шешімді іздеу.

80 %-ға орындалды

  • Техникалық суға деген қажеттілікті болжамды бағалауды өзектендіру жүргізілді.
  • Өндіру бөлімі қолданыстағы су желілеріндегі ағып кетулерді бақылауды және жоюды жалғастырды.
  • Техникалық суға деген қажеттілік бойынша жаңартылған жиынтық есепті шығару
  • Кері осмос қондырғыларына суды толық тазартумен Юра ұңғымаларын пайдалануды іске қосу
  • Ақсай ТНК жаңғырту жобасын іске асыру мүмкіндіктерін зерделеу

Су қорларын тұтыну

2022 жылы Компанияның жалпы су тұтынуы 309 010 м3 құрады, оның 224 880 м3 – техникалық су, ал 84 130 м3 – ауыз су.

24-сызба. КПО-ның су қорларын тұтыну мөлшері, 2020 – 2022 жж.

2022 жылы КПО техникалық суды 2021 жылмен салыстырғанда 16 %-ға аз тұтынды. Тұрмыстық қажеттіліктерге тұтынылған су көлемі де 2021 жылмен салыстырғанда сәл көп болды.

Жер үсті көздерінен техникалық суды тұтынудың төмендеуі тазартылған ағынды суларды қайта пайдаланудың ұлғаюымен байланысты. Қоншыбай жырасының № 1 су қоймасындағы су деңгейінің төмендеуіне байланысты 2022 жылғы қаңтардан бастап су қоймасына залал келтірмеу мақсатында КПО объектілерінде техникалық мақсаттарда пайдалану үшін су алу жүзеге асырылмайды. Қоншыбай жырасының ағыны көктемгі қардың еруі мен жаңбырдың түсуі есебінен толықтырылатындықтан, қатты су тасқыны өтіп, су қоймасы толған кезде су алу қайта басталады. 2022 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарында (ҚОҚШЖ) ӨБТК аяқталғанға дейін ҚМГКК-ны өндірістік қажеттіліктерге арналған техникалық сумен тұрақты үздіксіз және экологиялық қауіпсіз қамтамасыз етудің оңтайлы шешімін табу бойынша жұмыстар қарастырылған.

Баламалы көздерден суды пайдалану тұжырымдамаларын іздестіру және әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді және жалғасуда. ҚМГКК-ны техникалық сумен жабдықтау бойынша орта мерзімді шешім ретінде 2023 жылдың қаңтар айының ортасынан бастап кері осмос қондырғыларына суды толық тазартумен Юра ұңғымаларын іске қосу дайындалуда. Ұзақ мерзімді шешім ретінде Ақсай ТНК жаңғырту жобасын іске асыру мүмкіндігі пысықталуда.

КПО-ның сумен қамтамасыз ету көздері

2022 жылға дейін КПО-ның өндірістік қажеттіліктерін сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі Қоншыбай жырасындағы № 1 су қоймасы болды. КПО шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктеріне Жарсуат су тоғанындағы суды пайдаланды. Үлкен Шаған кентіндегі мұнай айдау станциясының (бұдан әрі-МАС) шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктерін сумен қамтамасыз ету көзі Серебряков су тоғаны болып табылады, ал Атырау қаласындағы МАС терминалы Қиғаш су тоғанымен қамтамасыз етіледі.

2022 жылы аймақта байқалған ұзақ құрғақшылық кезеңі мен аз қарлы су тасқыны № 1 су қоймасындағы су деңгейінің күрт төмендеуіне әкелді. Осыған орай 2022 жылы КПО техникалық суды тұтынуды оңтайландыруға және тазартылған ағынды суларды, нөсерлі және еріген суларды қайта пайдалануды арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар іс-шара өткізді. Сонымен қатар, ұңғымаларда тәжірибелік-сүзу зерттеулерін жүргізгеннен кейін жер асты сулары техникалық мақсаттарда қайта пайдалану үшін өндірістік объектілерге жіберілді.

Сондай-ақ, сумен жабдықтау көздері 08.02.2022 күнгі ҚМГКК аумағындағы Жайық-Каспий бассейндік инспекциясымен берілген № KZ92VTE00093596 КАС сериялы Жайық (жер асты сулары) үшін арнайы су пайдалануға рұқсатқа сәйкес Ақшағыл сулы горизонтының № W4, W9 ұңғымаларының жерасты сулары мен «Industrial Construction Services KAZ» ЖШС шартына сәйкес Қоншыбай жырасындағы № 2 су қоймасынан алынатын техникалық сапалы су болып табылады. Басқа су тоғандарына суды пайдалану су жеткізушілермен жасасқан шарт негізінде жүргізіледі. 

2022 жылы компания объектілерінің тұрмыстық қажеттіліктеріне ауыз су пайдаланылды. Ерекшелік ретінде Үлкен Шаған МАС-қа ауыз су сапасындағы су «Казводхоз» РМК БҚО филиалымен жеткізіледі, сумен қамтамасыз етудің балама көздерінің болмауына байланысты өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өртке қарсы резервуарларды толтыру үшін пайдаланылады.

37-кестеде КПО-ның су көздері бойынша суды тұтыну мөлшері көрсетілген.

37-кесте. 2020–2022 жж. КПО-ның су көздері бойынша суды тұтыну мөлшері, м3

Су көздері

Объект

Су сапасы

2022

2021

2020

1

Жарсуат су тоғаны (тұрмыстық қажеттіліктер)

ҚМГКК

жер асты, ауыз су

82 404

79 852

80 957

2

Қоншыбай жырасындағы № 1 су қоймасы

ҚМГКК

жер үсті, техникалық су

14 130

310 352

384 453

3

Ақшағыл сулы қабатының жерасты суы, №W4, W-9 ұңғымалары

ҚМГКК

жерасты, техникалық су

4 967

4

№ 2 су қоймасынан алынған техникалық сапалы су

 

жер үсті, техникалық су

172 450

5

Сынақтан кейін ұңғымалардан нөсерлі ағындар мен жер асты суларын КМГКК-ның техникалық қажеттіліктеріне қайталама пайдалану

ҚМГКК

Екінші рет пайдалану

30 816

6

Серебряков су тоғаны

Үлкен Шаған МАС

жер асты, ауыз су

1 726

1 407

1 472

 

тұрмыстық қажеттіліктерге

 

 

670

868

938

 

өндірістік қажеттіліктерге

 

 

1 056

539

534

7

Қиғаш су тоғаны

Атырау МАС-ы

жер үсті, техникалық су

2517

3 775

3 719

 

тұрмыстық қажеттіліктерге

 

 

749

808

759

 

өндірістік қажеттіліктерге

 

 

1768

2 967

2 960

Ескерту: суды тұтыну көлемі есепке алу аспаптары бойынша жүргізіледі, олардың деректері есепке алу журналдарына енгізіледі, содан кейін КПО тұтынатын суды есепке алу дерекқорына енгізіледі.

Тазартылған ағынды суларды төгу

Тазартылған тұрмыстық-шаруашылық, өндірістік-нөсерлік және нөсерлік ағынды сулар үшін үшін КПО арнайы салынған жасанды құрылыстарды пайдаланады. Бұл құрылыстар топырақ және жер асты суларына ластаушы заттардың жайылуын болдырмайды, сонымен қатар техникалық қажеттіліктерге қайта пайдалану үшін тазартылған ағындыларды жинауға, осы арқылы жаңа судың шығынын төмендетуге мүмкіндік береді. Ағынды суларды жинауға арналған қондырғылардың түрлері 2018 жылғы тұрақты даму есебінде берілген (40-кесте, 105-бет).

Көмірсутекті шикізатпен бірге өндірілетін ілеспе-қабат сулар мен өндірістік ағынды сулар тазартылып, өнеркәсіптік ағындарды жер астында көмудің № 1 және № 2 полигондарының тереңде орналасқан жерасты деңгейжиектеріне айдалады. Өндірістік ағындарды көму оларды тазарту кезінде тұзды қалдықтардың жер бетінде пайда болуын болдырмайтын ағындарды өңдеудің әлемдік тәжірибесі. Деңгейжиектердің берік оқшаулануы және ағындарды кері айдауға өте қолайлы болып табылатын жер қыртысының қасиеттері ағындардың жоғарғы деңгейжиектерге кетуін болдырмайды.

Ағынды сулардың төгінді көлемі мен шығарылатын ластаушы заттардың мөлшері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес компанияның жобалық құжаттамасында есептеліп, негізделеді және арнайы рұқсаттармен реттеледі.

КПО-ның шаруашылық және өндірістік қызметі нәтижесінде пайда болатын сарқынды сулар табиғи су қоймаларына төгілмейді.

38-ші кестеде 2020–2022 жылдарға арналған ағынды су түрлері мен қабылдаушы объектілер бойынша КПО төгінділерінің көлемі көрсетілген.

38-кесте. Ағынды сулардың санаты мен қабылдаушы объект көрсетілген төгінділердің және олардағы ластаушы заттардың (ЛЗ) жалпы көлемі, м3

Қабылдаушы объект

Ағынды су санаты

2022

2021

2020

Төгінділер көлемі, м3

ЛЗ саны, тонна

Төгінділер көлемі, м3

ЛЗ саны, тонна

Төгінділер көлемі, м3

ЛЗ саны, тонна

Су жинақтауыш тоғандар

Тазартылған тұрмыстық-шаруашылық сарқынды сулар

42 412

29,44

72 123

44,51

64 244

34,38

Өндірістік ағындыларды жер астында көму полигондары

Өндірістік-нөсерлік ағынды сулар, технологиялық және ілеспе-қабат ағынды сулар

764 139

60 699

780 755

58 935

694 893

45 970

Үлкен Шаған және Атырау МАС-дағы жер рельефі

Еріген және нөсерлік ағынды сулар

3 168

1,81

2 538

1,595

1 982

1,56

Төгінділердің жалпы көлемі

809 719

60 730

855 415

58 981

761 119

46 006

Ескерту: суды төгу көлемі есепке алу аспаптары бойынша жүргізіледі, олардың деректері есепке алу журналдарына енгізіледі, содан кейін КПО тұтынатын суды есепке алу дерекқорына енгізіледі. Ластаушы заттардың төгілу мөлшері, төгу алдындағы ластаушы заттардың нақты концентрациясының төгінділердің нақты көлеміне көбейтіндісі ретінде есептеу әдісімен анықталады.

2021 жылмен салыстырғанда Компанияның ағынды суларының ағызу көлемі 2022 жылы 5,34 % – ға азайды. Оның ішінде, 2022 жылы айдалатын өндірістік ағындылар көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 2,13 %-ға азайды. 2022 жылы өндірістік ағындылар көлемінің азаюы жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізумен, сондай-ақ 2022 жылдың қыркүйегінен бастап қайта пайдалануға арналған биотоғандарда ағынды суларды жинауға арналған жинақтауыш тоғандарына тазартылған тұрмыстық ағынды суларды ағызуды тоқтатумен байланысты. Тазартылған ағынды су түрлері мен құрамындағы ластаушы заттар 2017 жыл бойынша тұрақты даму есебінде (93-бет) берілген.

2022 жылы ластаушы заттардың 60 730 тоннасы төгілді (2021 жылғы 58 981 тонналық көрсеткішпен салыстырғанда 2,9 %-ға артық). Оның ішінде 60 729,3 тонна ШРТ нормативтері, ал 0,481 тонна – одан тыс төгілді. Ластаушы заттардың елеусіз артық төгінділері шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулардан қойма тоғандарына, атап айтқанда аммоний азотының, нитрат азотының және фосфаттардың артық мөлшері болды. Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес, Компания қалыптасқан төгінділер үшін қажетті төлемдерді жасады.

Жалпы алғанда, ағындар тереңдегі нық оқшауланған жер асты деңгейжиектерге кері айдалатындықтан, бұл әрекет топырақ, өсімдіктер мен жануарлар әлемі сияқты қоршаған орта компоненттеріне әсер етпейді. Бұл деңгейжиектердегі сулар жоғары минералданған және шарушылық-ауыз су, бальнеологиялық және техникалық қажеттіліктер үшін, суару және мал шаруашылығы үшін колданылмайды.

Тазартылған ағындылар мен басқа суларды қайталама пайдалану

Табиғи техникалық су алуды қысқарту мақсатында КПО тазартылған тұрмыстық, өндірістік-нөсерлік ағынды және нөсерлік ағынды суларды ҚМГКК-ның техникалық қажеттіліктеріне, бұрғылау, бұрғылау ерітінділерін дайындау, орман екпелерін суару, жолдар мен салынып жатқан алаңдарда шаңды басу және өрт резервуарларын толтыру сияқты жұмыс түрлерін жүргізуге пайдаланады.

Компания объектілерінде ағынды суларды қайталама пайдалану 2021–2025 жылдарға белгіленген технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

2022 жылы 75 452 м3 көлеміндегі тазартылған ағынды су КПО-ның техникалық қажеттіліктеріне қайта пайдаланды. 2021 жылмен салыстырғанда қайта пайдалану екі есе өсті, негізгі көлемі ҚМГКК өндірістік объектілерінің техникалық қажеттіліктеріне пайдаланылды. 39-кестеде тазартылған сарқынды сулар мен суларды пайдаланумен қатысты жұмыс түрлері келтірген.

39-кесте. 2020–2022 жылдарда тазартылған ағынды сулар мен жер асты суларын қайта пайдалану, м3

 

2022

2021

2020

Жалпы қайта пайдалану, соның ішінде:

75 452

35 061

18 313

ҚМГКК өндірістік объектілерінің техникалық қажеттіліктері

42 161

3 362

0

Бұрғылау қажеттіліктері мен бұрғылау ерітіндісін дайындауға

18 509

5 317

3 482

Суару, гидросынау және өрт резервуарларын толтыруға

10 376

8465

335

Шаң басуға

4 406

17 917

14 496

Ескерту: қайта пайдаланылған су көлемін есепке алу бақылау талонын толтыра отырып, жанама әдіспен м3 (мотосағат, автоцистерна көлемі, рейстер саны, сорғылардың өнімділігі және т.б.) анықталады және деректер есепке алу журналына енгізіледі.

Өндірістік ағын суларды басқару

Қарашығанақ кен орнындағы қойнауқаттық суларды және өндірістік ағын суларды кәдеге жарату – Компанияның маңызды міндеттерінің бірі.

КПО-ның өндірістік ағындарды басқару стратегиясы жер асты суларын пайдалану тұрғысынан өндірістік шектеулерді алып тастауға, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздігін, жабдықтың тұтастығын және экологиялық талаптарды сақтауға бағытталған бірқатар өзара байланысты жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

2022 жылы жобалық көрсеткіштерді түзету бөлігінде өндірістік ағындарды айдаудың қолданыстағы жобасына № 3 қосымша әзірленген болатын. Ықтимал әсерлер туралы есеп жасалды, олар өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментімен келісіліп, ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің оң қорытындысына ие болды. Аталмыш жұмыстарға жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сыналған геологиялық есеп негіз болды. Қабатқа кері айдау жобасын түзету ӨБТК мерзімінің соңына дейін коллектор қабаттардың болжамды өндірістік су көлемін қабылдау мүмкіндігін дәлелдеу мақсатында өнеркәсіптік ағындарды жер астында көмудің № 2 полигоны учаскесінің триас сулы кешенінің III және II резервуарларының геологиялық-гидрогеологиялық жағдайларын толық зерделеуге бағытталған бұрын жүргізілген геологиялық барлау және зерттеу жұмыстары кешенінің соңғы кезеңі болып табылады.

Қабатқа кері айдау жобасын № 3 қосымшада 2023 жылдан бастап полигонды пайдалану мерзімінің соңына дейін (2037 ж.) жылына 1 100 мың м3 дейін өнеркәсіптік ағынды суларды айдау көлемін арттыру, сондай-ақ айдаудың нысаналы және перспективалық интервалдарын қосымша перфорациялау және ГҚРО жүргізу арқылы айдау ұңғымалары қорының әлеуетін ұлғайту бойынша техникалық іс-шаралар жүргізу көрсетілген. Бұл жұмыстарды төмендегідей реттілікпен жүзеге асыру жоспарланған:

  • 2023 жылы ІІ қабаттағы перфорация аралықтарын ұлғайту мақсатында РП-6 ұңғымасында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда;
  • 2024 жылы ІІ қабаттағы перфорация аралықтарын ұлғайту мақсатында РП-7 ұңғымасында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда;

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес 2024 жылы Компания мемлекеттік бақылаушы органдарға кейіннен есеп дайындай отырып, жобалық шешімдерге жобадан кейінгі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

2021 жылы екі жоспарланған жоба аяқталды: өнеркәсіптік ағындарды тиімдірек жою үшін екінші сіңіргіш ұңғыманыны күрделі жөндеу және каустик содамен өңдеу процесін автоматтандыру үшін модификацияланған газолинді меркаптаннан тазарту қондырғысын іске қосу.

2022 жылы пайдаланылған каустикті бейтараптандыру блогын жаңғырту жөніндегі жұмыстар жалғасын тапты, оны 2024 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, 2022 жылы ЖЖЖ кезінде өнеркәсіптік ағындарды мұнайдан тазарту үшін қажетті газарындық флотациялық қондырғы мен көлбеу пластиналы сепаратордың ыдыстарын ауыстыру жұмыстары аяқталды. Бұл ыдыстарды ауыстыру нысанның тұтастығын және жоғары өткізу қабілетін сақтауды қамтамасыз етеді, нәтижесінде мұнайды судан бөлу сапасы артады, бұл терең қабаттарға айдау алдында ағынды суларды дайындаудың бүкіл жүйесінің жұмысына оң әсерін тигізеді.

2-полигонға айдалатын су көлемін ұлғайту жоспарын қолдау мақсатында қазіргі таңда құмды және қорғаныш сүзгілерін жаңғырту жобасы жалғасуда, аталмыш жобаның 2024 жылы іске асырылуы болжанып отыр.

40-кесте. 2022 жылы басталған өндірістік ағынды суларды басқару жобалары

Жоба

Бизнес-фактор

Ескерту

Пайдаланылған каустикті бейтараптандыру блогын жаңарту

Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Жобаны іске асыру сілтіні залалсыздандыру процесін жақсартуға мүмкіндік береді. Процесті автоматтандыру қауіпті реагенттердің персоналға әсер ету қаупін төмендетеді.

Құмды және қорғаныс сүзгілерін жаңғырту

Өндіру деңгейін қолдау

Құмды және қорғаныс сүзгілерін жаңғырту ҚӨК-тің суды тазарту қуатын тәулігіне 115м3 дейін арттыруға мүмкіндік береді.