КПО-ның ТҰРАҚТЫ
ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ 2022
Бұл біз үшін неге маңызды?

Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету бөлімінің басты мақсаты – ірі апаттардың алдын алу және жұмыскерлерге, қоршаған ортаға, өндірістік объектілерге төнуі мүмкін, сондай-ақ Компания беделіне нұқсан келтіруі мүмкін қауіп-­қатерлерді азайту. Бұл міндеттердің орындалуына сауатты жобалау, құрылыс, пайдалану және техникалық қызмет көрсету ықпал етеді.

Өндіріс пен объект тұтастығы технологиялық процестерді жүзеге асыратын конструктивті берік және механикалық жарамды объектілер болған кезде ғана қамтамасыз етіледі. Ірі апат қауіп-қатерінің деңгейін барынша төмендету мақсатында қондырғылармен, жұмыскерлермен және процестермен байланысты барлық тосқауылдар анықталады.

Өндіріс тұтастығы және ТЖ басқармасы

Өндіріс тұтастығы

КПО өзінің өндірістік қызметіне әсер етуі мүмкін қауіп-қатерлерді қадағалап, тосқауылдарды басқару жүйесінің көмегімен өндіріс объектілерінің тұтастығы үшін қауіп-қатерлер ықтималдылығын төмендету жұмыстарын атқарып келеді. Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі негізгі өндірістік объектілердің жұмыскерлерімен бірге салдарларды жұмсарту бойынша шаралар қабылдау және осы тосқауылдарды бастапқы қалпына дейін келтіру және ірі апаттардың алдын алу бойынша жоспарларды әзірлеу мақсатында қауіпсіздік тосқауылдарының осал жерлерін анықтау үшін үздіксіз бақылау жүргізеді.

Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету барысында қауіп-қатерлер деңгейін төмендету үшін біз бірқатар міндеттерді айқындадық. Олардың нәтижесі кестеде келтірілген.

4-кесте. Өндіріс тұтастығын қамтамасыз етудегі міндеттер

2022 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2022 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2023 жылға қойылған міндеттер

Тосқауылдар моделінің бағдарламалық жасақтамасын енгізуді жалғастыру, өндірістік объектілерде бұл жасақтаманы түсіну мен қолдана білу деңгейін арттыру.

Тосқауылдар моделі бағдарламалық жасақтамасының кеңейтілген функционалдығын одан әрі дамыту.

Орындалуда
 

Орындалуда

  • Тосқауылдар моделі бойынша оқытулар, электрондық оқытулар мен таныстыру сессияларын өткізумен қатар, тосқауылдар моделі бойынша бейнематериал қолданысқа жіберілді;
  • 2022 жылғы күрделі жөндеу барысында тосқауылдар моделі қауіп-қатерлерінің саны едәуір азайды;
  • Тосқауылдар моделі бойынша ай сайынғы шолу жиналыстар өткізілді;
  • Салдарларды азайту бойынша күшіне енген шаралар мен қалпына келтіру жоспарлары расталды;
  • Тосқауылдар моделі үшін жиынтық қауіп-қатерді талдау әдістемесін әзірлеу және енгізу;
  • Тосқауылдар моделі бағдарламалық жасақтамасының кеңейтілген функционалдығын одан әрі дамыту;
  • Оқытулар, электрондық оқытулар мен таныстыру сессияларын өткізуді жалғастыру;

Технологиялық қауіпсіздік негіздерін (PSF) енгізу тиімділігін қайта қарау

Орындалуда

  • Технологиялық қауіпсіздік негіздері бойынша оқытулар, электрондық оқытулар және таныстыру сессияларымен қатар бейнематериал;
  • 2022 жылы күрделі жөндеу алдында КПО-ның озық персоналы үшін технологиялық қауіпсіздік негіздері бойынша таныстыру сессиялары өткізілді.
  • КПО мен мердігер ұйымдардың жұмыскерлері үшін технологиялық қауіпсіздік негіздері бойынша таныстыру сессияларын өткізуді жалғастыру.
  • КПО-да технологиялық қауіпсіздікті сақтау мәдениетін ілгерілетуді жалғастыру.

Өндіріс тұтастығын басқару жүйесі Қарашығанақ кен орнында жұмыс істейтін КПО, мердігер мен қосалқы мердігер жұмыскерлері арасында ірі апат қауіптерінің алдын алуға және өндіріс тұтастығы мен технологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы хабардарлықты арттыруға арналған процестер кешенін құрайды.

Өндіріс тұтастығын басқару жүйесі келесі басты процестерден тұрады:

  • Тосқауылдарды басқару – құрылымдалған процесті қолдану және тосқауылдар моделі бағдарламалық жасақтамасы арқылы;
  • Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету көрсеткіштерін талдау – тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін пайдалану арқылы;
  • Қолданыстағы объекттерді модификациялауға арналған өзгерістерді басқару жүйесі – өзгерістерді басқару дерекқорын пайдалану арқылы;
  • Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету – талдау, аудит, тексеру мен бағалау жүргізу арқылы;
  • Өндіріс тұтастығын қамтамасыз етуді жақсарту мәдениетінің бастамалары – механикалық ажырату процедурасы, технологиялық қауіпсіздік негіздері мен тосқауылдар моделі процесі бойынша электрондық оқыту модульдерін шығару арқылы.

2022 жылы Компания КПО-ның өндіріс тұтастығын қамтамасыз етудегі негізгі қауіп-қатерлер мен тосқауылдарды жоюға бағытталған бірқатар шараларды өткізді. Төмендегі кестеде 2022 жылы аяқталған және қазіргі кезде орындалып жатқан шаралардың статусы көрсетілген.

Ағымдағы шаралар кен орнындағы технологиялық жабдықтардың бітеулігімен және тұтануды басқарумен байланысты қауіп-қатерлер деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

5-кесте. Нысан тұтастығын қамтамасыз етудегі негізгі қауіп-қатерлерді немесе тосқауылдарды жоюға бағытталған іс-шаралар

Тосқауыл түрі – сипаттамасы – орын алған жері

Өндіріс тұтастығын қамтамасыз етудегі үздіксіз жетілдіру шаралары

2022 жылы аяқталған шаралар

Технологиялық жабдық бітеулігі – бүкіл кен орны бойынша ССК диаметрі талап етілгеннен аз

Жобалау бөлімі жүргізген қауіпсіздік элементтерін талдау жұмыстарының нәтижесінде өндірістік объектілерде өткізу қабілеті жеткіліксіз ССК-лар анықталды.

2022 жылғы күрделі жөндеу барысында диаметрі кіші ССК-лар ҚӨК және ГКДҚ-2 объекттерінде ауыстырылды.

Технологиялық жабдықтың бітеулігі – тыйым салынған материалдардан жасалған клапандар – бүкіл кен орнында

Клапандар 2022 жылғы күрделі жөндеу кезінде ҚӨК, ГКДҚ-2 және Жинау жүйесінде ауыстырылды.

Виртуалды тосқауыл – қауіпсіздіктің негізгі элементтері – Жинау жүйесі/ГКДҚ-3/Экоорталық

ГКДҚ-2-де төртінші газды кері айдау компрессорының жобасын іске асыру аяқталды және объектіні өндірістік бөлімге беру процесінің аясында жобаның тиісті ҚНЭ айқындалды.

Виртуалды тосқауыл – өзгерістерді уақытша басқару процесі тиімділігінің сәйкестігін бағалау (MoC)

КПО процедуралары талаптарының сақталуын тексеру мақсатында өзгерістерді уақытша басқару процесі тиімділігін бағалау жүргізілді (MoC).

2022 жылы басталып, 2023 жылы орындалып жатқан шаралар

Қауіпсіздік жүйелері – каустикті бейтараптандыру қондырғысын апаттық тоқтау жүйесі

Құрылыс 2022 жылы басталып, 2022 жылғы күрделі жөндеу барысында UOP компаниясының жаңа термиялық тотығу қондырғысы орнатылды, жаңа каустикті бейтараптандыру қондырғысы 2023 жылы орнатылады.

Тұтатуды басқару – жарылыстан қорғалған жабдық, бүкіл кен орнында.

Объекттегі инспекциялар аяқталды, аса маңызды элементтер жөнделді/ауыстырылды, қалған жұмыс көлемі қарастырылуда.

Тосқауылдар моделі

2022 жылы КПО өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі тосқауылдар моделі бағдарламалық жасақтамасының функционалдығын кеңейту және басқа бағдарламалық қосымшалармен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізді.

Өнімнің ағып кетуі/төгілуі

2022 жылы Қарашығанақ кен орнында өнімнің айтарлықтай төгілу жағдайлары тіркелген жоқ1

1 КПО оқиғалар жіктеліміне сәйкес, «елеулі ағып кету/төгілу» анықтамасы көмірсутектердің/химиялық реагенттердің топыраққа/су бетіне 1 000 литрден асатын көлемде төгілуі салдарынан туындаған қоршаған ортаны ластаумен байланысты оқиғаға қатысты қолданылады.

Алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуы

Алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуы (АҚҚТБ) – технологиялық жабдықтың алғашқы қорғаныш қабығынан кез келген заттың, оның ішінде уытты емес және жанбайтын заттардың жоспардан тыс немесе бақылаусыз шығарындысы. АҚҚТБ көрсеткіштері туралы 2022 жылғы есепте алғашқы қорғаныш қабатының бұзылуымен байланысты 2022 жылы орын алған оқыс оқиғаларына, сондай-ақ келесілерге қатысты тағайындалған түзету шараларына талдау берілген:

  • Негізгі себептер (оқиғаларды тергеудің «Tap Root» әдістемесіне сәйкес),
  • «Технологиялық процесс қауіпсіздігінің негіздері» ережелерін сақтау деңгейі,
  • Түзету шараларының статусы,
  • Ағып кетулерді тіркеу кітабы.

Технологиялық қауіпсіздікті бұзу жағдайларын талдау (АҚҚТБ) технологиялық қауіпсіздікке байланысты оқиғалардың ықтималдылығы мен ауырлық дәрежесін төмендету және болдырмаудағы негізгі шара болып табылады. Мұндай оқиға туындаған кезде тергеу процесі басталып, негізгі себептер анықталады және ұсыныстар беріледі, олар әрі қарай Synergi дерекқорында бақыланады.

2022 жыл – 1 және 2-деңгейлі қорғаныш қабаты тұтастығы бұзылмаған КПО тарихындағы алғашқы жыл (КПО-да Халықаралық мұнай-газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) технологиясын қолдану 2014 жылы басталды). 2022 жылы 3-деңгейлі қорғаныш қабаты бұзылған 12 жағдай тіркелді.

2-сызба. Өндірістік объекттер бойынша технологиялық жабдықтың алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылу жағдайлары, 2020–2022 жж.
Бұл біз үшін неге маңызды?

Апаттық әрекет ету және дағдарыс жағдайларын басқару КПО-ның басқару жүйесінің негізгі элементі болып табылады, өйткені апаттық жағдай ушыққан жағдайда, КПО және мердігер ұйымдардың қызметкерлері, жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары қауіпті және зиянды факторлардың ықтимал әсер ету аймағында қалуы мүмкін.

Төтенше жағдайларға дайын болу және әрекет ету ықтимал штаттан тыс жағдайлар мен апаттарды анықтауды, сондай-ақ осындай апаттар салдарының адамдарға, қоршаған ортаға, Компания активтері мен беделіне әсерін барынша азайту үшін ұйымдық құрылым мен ресурстарды қалыптастыруды болжайды. Бұл ресурстар Бөрлі ауданының мемлекеттік авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарына қоныстану аумақтарындағы және ауыл шаруашылығы жерлеріндегі өрттермен, сондай-ақ су тасқыны салдарымен күресте қолдау көрсету үшін пайдаланылады.

Төтенше жағдайларды басқару

КПО компаниясында оқиға, апат немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда бірінші кезектегі іс-шараларды жүргізу, ТЖ ауқымын бағалау, ТЖ оқшаулау және жою, сондай-ақ салдарын жою жөніндегі әрекеттерді жоспарлау және іске асыру үшін қажетті сенімді үш деңгейлі апаттық әрекет ету жүйесі жұмыс істейді. Графикалық түрде жүйе 5-суретте көрсетілген.

2022 жылы КПО бекітілген кестеге сәйкес апаттық басқару штабтарын дайындау жұмыстарын жалғастырды.

2022 жылы келесі КПО азаматтық қорғаныс құралымдарының қатысуымен апта сайын теориялық және практикалық оқу-жаттығулар өткізілді:

  • өрт сөндіру қызметі;
  • газдан құтқару қызметі;
  • ерікті авариялық-құтқару құралымдары;
  • Медициналық құралымдар.
5-сурет. КПО апаттық әрекет ету жүйесі

Оқу-жаттығу полигонында КПО азаматтық қорғаныс құралымдарының қатысуымен барлығы 48 жаттығу өткізілді.

Бұдан басқа 2022 жылы КПО ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес электрондық оқыту жүйесі базасында азаматтық қорғау бойынша персоналды оқытуды жалғастырды.

I деңгейдегі күштер мен құралдарды дайындау шеңберінде 2022 жылы Компанияның барлық қауіпті өндірістік объектілерінде ай сайын объектінің Апаттық басқару штабының, авариялық-құтқару қызметтерінің және КПО мен мердігер ұйымдар персоналының қатысуымен апатқа қарсы жаттығулар өткізді.

2022 жылы бірінші деңгейдегі апаттық басқару штабтарының және авариялық-құтқару құрамаларының әрекеттерін пысықтау үшін КПО объектілерінде 114 оқу-жаттығу өткізілді (2021 жылы 103).

Сонымен қатар ҚР ТЖ министрінің м.а. 2021 жылғы 16 шілдедегі № 349 «Қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес 12 оқу-жаттығу дабылы өткізілді, оның бесеуі 2-ші деңгейлі АБТ қатысуымен болды.

КПО жергілікті атқарушы органдармен су тасқыны мен өрт қаупі бар және қысқы кезеңдерде тығыз ынтымақтастықты жалғастыруда.

2022 жылы КПО авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының өкілдері ауыл шаруашылығы объектілерінің, шаруашылық құрылыстарының дала өрттерін сөндіруге және орман белдеулерінің жануын сөндіруге көмек көрсету үшін елді мекендерге 12 рет шықты.

2022 жылы КПО апаттық басқару жүйелерін қолдану қажеттілігі туындаған шынайы жағдайлар орын алды. Атап айтқанда, 2022 жылдың қаңтар айында елдегі және өңірдегі әлеуметтік шиеленістер мен оқиғаларға байланысты Чех қалашығының АБО негізінде II-деңгейлі АБТ және III-деңгейлі ДЖБТ мүшелерінің тәулік бойы кезекшілік ету практикасы енгізілді.

3-сызба. 2020–2022 жылдары өткізілген апатқа қарсы жаттығулар мен оқу-жаттығу дабылдары

ІІ және ІІІ деңгейдегі штаб мүшелері дайындық деңгейін сақтауға мүмкіндік берген келесі оқу-жаттығуларға қатысты:

6-кесте. 2022 ж. өткізілген II және III деңгейлі оқу-жаттығулар

Оқу-жаттығу түрі

Өткізілген күні

Міндеттер

Қатысушылар

Тактикалық-арнайы оқу-жаттығу

2022 жылғы 02 қыркүйек

«Жайық өзені мен ҚАТЖ құбырының қиылысында мұнай төгілуін жою бойынша күштер мен құралдардың іс-әрекеттері». Өртке қарсы қызметтің, Үлкен Шаған МАС басқармасының апаттық штабының және БҚО ТЖ департаментінің су айдындарында мұнайдың авариялық төгілуін оқшаулау және жою жөніндегі іс-әрекеттерін практикалық түрде пысықтау жүргізілді.

АҚҚ және БҚО ТЖД-мен бірлескен КПО құралымдары

Кешенді оқу-жаттығу

2022 жылғы 10 маусым

«Қарашығанақ кен орны объектілеріндегі ауқымды төтенше жағдайлардың жою кезінде апаттық басқару органдары, авариялық-құтқару қызметтері мен КПО б.в. құралымдарының күштері мен құралдарының іс-әрекеттері». Кешенді оқу-жаттығу-2022 бағдарламасы Приуральное елді мекенін қоса алғанда, алдын ала белгіленген 6 оқу-жаттығу орнында апатты жою бойынша түрлі іс-әрекеттердің сценарийлерін пысықтауды көздеді.

АҚҚ, БҚО ТЖД және Бөрлі ауданы әкімдігімен бірлескен КПО құралымдарының күштері мен құралдары

BERRY командалық-штабтық оқу-жаттығуы

2022 жылғы 1 желтоқсан

«ГКДҚ-3-тен конденсат тасымалдаудың 6” құбырының үзілуі немесе бұзылуы».

Оператор-компаниялармен, мемлекеттік және бақылаушы органдармен, БАҚ және зардап шеккендердің туыстарына хабарлау және байланысу процесі пысықталды.

КПО АӘ I, II, III-деңгейлі штабтардың персоналы, PARIS тобы

ТЖ мәселелері бойынша жергілікті халықпен қарым-қатынас

КПО елді мекен тұрғындарына ҚМГКК және ҚАТЖ экспорттық құбыр желісі аумақтарында ТЖ туындаған кезде әрекет ету тәртібі туралы елді мекендердің тұрғындарын хабардар ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Осы сияқты хабардар ету жұмыстары өрт қаупі бар кезеңдегі жалпы өрт қауіпсіздігі талаптарына қатысты жүрізіледі.

2022 жылы бекітілген жоспарға сәйкес ҚМГКК аумағы бойынша орналасқан 160 адамды қамтыған елді мекен тұрғындарымен келесі тақырыптарда 20 кездесу өткізілді: орталық мониторинг станциясының рөлі, апаттық құлақтандыру станциясы және олардың мақсаты, өрт қаупі бар кезеңде ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізудегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

БҚО, Теректі, Бәйтерек және Ақжайық аудандарында ҚАТЖ экспорттық құбыр желісі бойын мекендейтін тұрғындармен 151 адамды қамтыған 21 кездесу өткізілді.

Кен орнынан қауіп төнген жағдайда елді мекен тұрғындарын эвакуациялауды ұйымдастыру кезінде ауылдық округтер әкімдіктері мен жауапты тұлғалардың бірлескен іс-әрекеттерін пысықтау бойынша, сондай-ақ АБО диспетчерімен өзара әрекеттесу мәселелері, елді мекендерде қауіп туындаған жағдайда АҚС және ДЗЖ пайдалану тәртібі бойынша практикалық жаттығулар өткізілді.

Елді мекендердегі апаттық құлақтандыру станцияларының әрдайым әзір болуын қамтамасыз үшін 2022 жыл ішінде КПО апаттық әрекет ету тобының халықты қорғау жөніндегі мамандары мердігер ұйымның өкілдерімен бірлесіп, апаттық құлақтандыру дабылдары мен дауыс зорайтқыш жүйелерін ай сайын тексеруден өткізіп, осы жабдыққа техникалық қызмет көрсетті. Аталмыш апаттық құлақтандыру станциялары кен орны периметрі бойынша орналасқан сегіз елді мекенде орнатылған.