КПО-ның ТҰРАҚТЫ
ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ 2022
Бұл біз үшін неге маңызды?

Бүкіл әлем цифрлық технологияларға көшіп жатыр, егер біз бұл бизнестің ел мен инвесторлар үшін тартымдылығын сақтап қалғымыз келсе, КПО бұл үрдістен шетте қалмауы керек. КПО-да іске асырылған пилоттық жобалардың кейбірі бизнеске шынында ықпал ететінін көрсетіп отыр, мысалы, жұмыскерлерге төнетін қауіп-қатерді азайту, жұмыс процестерінің, шығындардың тиімділігін арттыру және тағы басқа.

Қазіргі таңда АТ / Цифрлық ресурстар бізді іскерлік те, жеке де өмірде қоршайды. Сол себептен, оларды қалай қауіпсіз пайдалану керектігін білу өте маңызды. Сонымен қатар, киберқауіпсіздік фишинг, бопсалаушы-бағдармалар немесе мақсатты шабуылдар секілді Киберқауіптен КПО-ның құнды ресурстарын (атап айтқанда адамдарды, деректер мен қосымшаларды) қорғаудың стратегиялық басымдықтарын жүзеге асырудағы шарттардың бірі болып табылады.

Цифрландыру және үздіксіз жетілдіру

ҚР Үкіметі 2017 жылы енгізген «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында КПО 2018–2021 жылдарға арналған цифрландыру жөніндегі жол картасын жасаған болатын. Өндірісті оңтайландырудан бастап технологиялық процестердің тиімділігін арттыруға дейінгі түрлі салалардағы цифрландыру бойынша мүмкіндіктерді қамтитын он бір негізгі бағыт ұсынылды. Бұл жол картасы ұйымды қауіпсіз, тиімді және икемді етуге бағытталған.

Мысалы, 2021 жылы Өндірісті оңтайландыру бөлімі қызметінің аясында Телеметрия І Кезең жобасы, яғни нақты уақыт режимінде ұңғымалардан мәліметтер алуға мүмкіндік беретін жоба сәтті орындалды. Бұл ұңғымалардағы жұмыскерлерге төнетін қауіп-қатерді едәуір азайтуға және өндірісті оңтайландыру үшін интеграцияланған желілік модельді жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар «Цифрлық қолтаңба (ішкі)» немесе «Қашықтан инспекция жүргізу үшін дрондарды жіберу», қоймалар үшін штрих кодтау жүйесін енгізу, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін бақылау, ұңғымаларды ерекшеліктер негізінде бақылау, электрондық медициналық бақылау пункттері және формалар мен жұмыс процестерін цифрландыру сияқты кішігірім жобалар күнделікті қолданыста өздерінің артықшылықтарын көрсетіп те үлгерді.

Жаңа цифрландыру жол картасының кейбір жобалары әлдеқашан енгізілген болатын. Олардың қатарына Menti жасырын дауыс беру құралын пайдалану, Udemy оқыту және біліктілікті арттыру платформасын пилоттық пайдалану жатады.

Оған қоса KAZENERGY қауымдастығымен бірге КПО Қазақстанның ірі университеттерінің студенттері қатысқан Student Digital Fest (SDF) байқауын жыл сайын қолдап отырады. SDF-2022 байқауының соңғы кезеңі 2022 жылдың қыркүйек айында сәтті аяқталды.

2022 жылдың қараша айында “Digital future of energy” Хакатоны өтті. Оның мақсаты АТ саласында жергілікті потенциалды анықтап, мұнай өндіруде цифрлық шешімдерді талап ететін мәселелерге көңіл бұру болды.

Саламыздағы цифрлық трансформациядан алынған сабақтар жетістікке жетудің басқа да негізгі факторларын ескеру қажеттілігін көрсетеді. Оларға трансформациялаудың нақты мақсаттары анықталған біріктірілген стратегия, прогресті бақылаудың тиімді жолы, цифрлық технологиялар жұмысы негіздерін өзгерту және персоналды қайта даярлау / біліктілігін арттыру. Қазіргі цифрландыру бойынша жол картасы 2022 жылы аяқталғандықтан, КПО жаңа жағдайлар мен сыртқы тенденциямен үйлестірілетін және бейімделетін цифрландыру мен үздіксіз жетілдірудің жаңа стратегиясын әзірлеуді жоспарлауда. Жаңа трансформация бағдарламасы цифрлық стратегия мен жол картасын, сондай-ақ үздіксіз жетілдірудің стратегиясын қамтитын болады.

Үздіксіз жетілдіру стратегиясы 2022 жылдың аяғында бас компаниялардың сарапшыларының көмегімен дайын болды. Ұсынылған стратегия операциялық қызметтегі (өндіріс, техникалық қызмет көрсету) және жеткізу тізбегіндегі бизнес-жоспардың мақсаттарына негізделген жақсарту бағдарламасымен тікелей байланысты мықты коучтер тобын құру болып табылады. Тәжірибе мен мүмкіндіктер жеткілікті болғанда бұл сала басқа да басқармаларға тарай алады.

Жаңа жол картасының алғашқы бағыты Цифрлық мұнай кен орнына, активтерге/ инжинирингке, өндірістік процестерге, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ, қауіпсіздік және қосалқы бастамаларға арналған бес блокты қамтиды. Олар негізгі инфрақұрылымды құруға мүмкіндік береді, мысалы, ұңғымаларға / құрылыстарға арналған сымсыз датчиктер, қағаз құжаттарды цифрландыру және де цифрлық салада пайда болатын мүмкіндіктерді пайдалану үшін пилоттық жобалар мен сынақтар.

Жаңа цифрландыру жол картасының кейбір жобалары әлдеқашан енгізілген болатын. Олардың қатарына Menti жасырын дауыс беру құралын пайдалану, Udemy оқыту және біліктілікті арттыру платформасын пилоттық пайдалану жатады.

2022 жылы қайта құру нәтижесінде цифрландыру және үздіксіз жетілдіру командасы АТЖТ және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімімен бірлесіп, ақпараттық технологиялар және үздіксіз жетілдіру басқармасына қосылды. Бұл жоспарланған цифрлық құралдармен қамтамасыз етуде бастамалардың көшбасшыларына одан да тиімді көмек көрсетуге және әрі қарай жақсартулар ізденісіне ұмтылуға мүмкіндік береді.

Киберқауіпсіздік хабардарлықты арттыру науқаны

2019 жылғы бас компаниялар жүргізген аудитте КПО-ны үнемі дамудағы киберқауіптерден тиімді қорғауға қажетті киберқауіпсіздік процестері мен бақылау құралдарының төмен жетілу деңгейін анықталды. Келесі шара ретінде біздің компания әлемдегі ірі мұнай-газ компанияларының орташа көрсеткішіне жету үшін Киберқауіпсіздік саласындағы жетілу деңгейін арттыру бағдарламасына басымдық берді. Нәтижесінде 2022 жылдың соңында жаңа киберқауіпсіздік бөлімі құрылды.

Кибершабуылдар қарқынды дамып келе жатқандықтан, біз қауіпсіздік құралдарын жетілдіруіміз қажет және КПО-ның барлық жұмыскерлері 2023 жылдың ақпанында бастау алған жыл сайынғы киберқауіпсіздік туралы хабардар ету науқанына қатысады. Іс-шара киберқауіпсіздік бойынша оқыту сабақтарынан, имитациялық фишингтерден, ойындардан және ай сайынғы ақпараттық бюллетеньдерден тұратын болады. Фишинг, мақсатты фишинг, бопсалаушы-бағдарламалар, зиянды бағдарламалар, әлеуметтік инженерия схемалары және т.б. сияқты киберқауіптерден қалай аулақ болуға болатыны туралы ақпаратты тарататын болады.