КПО-ның ТҰРАҚТЫ
ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ 2022
Бұл біз үшін неге маңызды?

КПО Денсаулық сақтау бөлімі қызметкерлердің денсаулығын сақтау және оны күту жолында қызмет етеді. Алдын алу шараларын қолдану, медициналық қызметке уақтылы қол жеткізуді қамтамасыз ету және сол арқылы қызметкерлердің денсаулық жағдайын жақсарту олардың өз еңбек міндеттерін тиімдірек орындауына ықпал етеді.

КПО-да біржақты көзқарастың не кемсітуді болдырмауға бағытталған «Жұмысқа жарамдылықты анықтау қағидалары» атты ашық процедура бар. Жауапты жұмыс беруші ретінде КПО өз қызметкерлерінің денсаулық тұрғысынан жұмысқа жарамдылығына қатысты заң талаптарын сақтауға көп көңіл бөледі. Жұмысқа орналасу алдындағы медициналық тексеруді қызметкерлердің денсаулығын қадағалаудың негізгі деңгей ретінде пайдалана отырып, біз қызметкерлеріміздің жұмысты жалғастыру мүмкіндігіне ғана емес, сонымен қатар олардың жалпы денсаулығына өндірістік факторлардың әсерін де бағалап, олардың денсаулығын бақылап отырамыз.

Мұндағы мақсат – өндірістік факторлардың қандай да бір теріс әсерін болдырмау және азайту. Бұған қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және қолдау, жұмыс орындарын қызметкердің қажеттілігіне қарай жайластыру немесе оларды басқа жұмысқа ауыстыру және ең соңында қажетті мамандарға жіберу арқылы қол жеткізіледі.

Iскерлік қағида:
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Біз жұмыс көрсеткіштерді үздіксіз арттыруға қол жеткізу үшін еңбекті қорғауды, қауіпсіздік техниканы, қауіпсіздік қызметті басқарудың жүйелі тәсілін қолданамыз.

Денсаулық сақтау бөлімінің 2022 жылы атқарған жұмысы

Еңбекті қорғау және денсаулық сақтау

Қауіп-қатерді азайту және өндірістік факторлардың қызметкерлердің кәсіби денсаулығына әсерін азайту үшін қойылған міндеттердің нәтижелері төменде келтірілген.

15-кесте. Денсаулық сақтау саласындағы міндеттер

2022 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2022 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2023 жылға қойылған міндеттер

  • Пандемияға байланысты шектеулер жеңілдетілгеннен кейін Cтресске төзімділік бағдарламасын жалғастыру.
  • Психикалық денсаулық бағдарламасын жалғастыру.

Орындалды

  • Өткен жылдарда жинаған тәжірибені ескере отырып, бағдарлама модульдерінің оқуға, қатысушыларға үлестіруге арналған материалдары қайта қаралды. Компания қызметкерлерінің арасынан ерікті болатын адамдар шақырылып, одан кейін оларға фасилитатор болу үшін қажетті дағдылар үйретілді.
  • Қызметкерлерді психологиялық қолдау бағдарламасы жалғасуда. Бетпе-бет, онлайн және телефон арқылы кеңес беруден басқа, шұғыл қоңырауларды қабылдайтын жедел желі жұмыс істейді.
  • Стресске төзімділік бағдарламасын іске асыру үшін фасилитаторларды оқыту.
  • Компания персоналы арасында стресске төзімділік бағдарламасын бастау.
  • Психологияға қатысты әртүрлі сұрақтар бойынша вебинарлар мен топтық сабақтарға деген ұжымның қызығушылығын талдау. Талдау нәтижелері бойынша осындай сессиялардың жоспарын жасау.

Жобаларды жүзеге асыру директоратына және өндірістік қатынастар бөліміне мердігер ұйымдардың жұмыскерлері тұратын объектілерде жасалған жағдайды тексеруге көмектесу.

Орындалды

Жобаларды жүзеге асыру директоратымен және өндірістік қатынастар бөлімімен бірлесіп, мердігер ұйымдар қызметкерлері тұратын объектілерде жасалған жағдайға 9 рет тексеру жүргізілді. Бірқатар сәйкессіздіктер анықталды, оларды жою бойынша ұсыныстар жазылды.

Мердігер ұйымдардың жұмыскерлері тұратын объектілерде жасалған жағдайды тексеруді жалғастыру.

КПО-да қажумен байланысты қауіп-қатерлерді бақылау бағдарламасын іске асыруды жалғастыру. 2022 жылы өтетін күрделі жөндеу жұмыстарына ерекше назар аудару.

Орындалды

2022 жылғы күрделі жөндеуге дайындық шаралары кезеңінде КПО персоналы арасында қайта оқыту курстары, сондай-ақ мердігер компаниялардың персоналына арнап қажумен байланысты қауіп-қатерлерді басқару, қажу факторларын өз бетінше бақылау тақырыптары бойынша оқытулар өткізілді.

Қажумен байланысты қауіп-қатерлерді басқару ережелерін жаңарту, оның талаптары тек ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы маңызды лауазымдарға ғана емес, сонымен қатар компанияның барлық қызметкерлеріне және мердігерлерге де қатысты болады.

Кен орнындағы және Орал қаласындағы кеңселерде 10 автоматты сыртқы дефибрилляторларды (АСД) сатып алу және орнату.

Орындалмады

Қаржыландырудың шектеулі болуына байланысты бұл шара орындалған жоқ.

 

Легионеллез қаупінің алдын алу бойынша талаптардың орындалуын жалғастыру

Орындалды

Қауіп-қатерді бақылау шаралары орындалды.

Легионеллезге қатысты қауіп-қатерлерді азайту бойынша жоспардың орындалуына аудит жүргізу.

2023 жылға жоспарланған жаңа тапсырмалар

8 өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізу.

Жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайту жөніндегі пилоттық бағдарламаны, соның ішінде қызметкерлерді сауықтыру жөніндегі 2023 жылға арналған жоспарды іске асыру

Компания қызметкерлеріне іріктеп алкотест өткізу бағдарламасын жетілдіріп, оған КПО өнеркәсіптік объектілеріндегі мердігерлік ұйымдарды да қосу.

КПО бас мердігерлерінің шұғыл медициналық әрекет ету жүйесіне аудит жүргізу.

Жедел медициналық көмек көрсету сапасын арттыру

Жедел жәрдем және төтенше жағдайлар бөлімі кен орнында және Ақсай қалалық бөлімшелерінде тәулік бойы жедел медициналық көмек көрсетеді. 5 медициналық пункттің дәрігерлері мен фельдшерлері жедел жәрдем шақыртуларына баруға қоса, олар емханада адамдарды қабылдайды, ауысым алдындағы, рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеруді жүргізеді, өнеркәсіптік объектілерде санитарлық-ағарту жұмыстарымен айналысады, апаттық жағдайларға қарсы әрекет ету процесіне тартылған персоналмен үнемі сабақтар мен оқу-жаттығулар өткізеді.

КПО медициналық тобының барлық 40 мүшесі ауруханаға дейінгі жәрдем беру стандарттарының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін әлемде танылған ACLS (Advanced Cardiac Life Support) және ITLS (International trauma Life Support) курстары бойынша сертификат алды.

16-кесте. Медициналық көмек көрсету көрсеткіштері, 2022 жыл

Медициналық көмек көрсету көрсеткіштері

Медициналық орталықтардың көмегіне жүгінген емделушілер

2 092

Шұғыл шақырулардың саны

121

Медициналық мекемелерге жеткізілген науқастар саны

105

Практикалық жаттығулар және оқулар.

276

Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша дайындықтан өткен жұмыскерлер саны

330

Ауысым алдындағы медициналық тексеру (жүргізушілер/операторлар/электриктер)

Тексерулер

148 594

Еңбекке жарамсыз болып қалуға әкелген жағдайлар

191

Іріктеп алкотест өткізу ТДМ 3.5

1 688

Ішінара алкогольдік тексерудің оң нәтижелері

0

Денсаулық сақтау бөлімінің COVID-19 пандемиясына қарсы атқарған қызметі

2022 жылғы қаңтарда Қазақстанда пандемияға байланысты болған форс-мажор және төтенше жағдайлар кезінде COVID-19 жұқтырғандар санының өсуі тіркелді. 50-ге жуық қызметкер ауруға шалдықты. Денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері мен КПО бөлімдерінің еріктілерінен тұратын КВИ-ге қарсы медициналық бригада науқас қызметкерлерге, науқаспен байланыста болған адамдарға КВИ ықпалын еңсеруге көмектесіп, түрлі шараларды іске асыруын жалғастырды. Орталық қызметкерлері әр ауруға шалдыққан қызметкер толық сауығып кеткенге дейін қадағалап отырды. Пандемияның қызметкерлерге және өндіріс процесіне әсер етуін алдын алу мақсатында жаппай ауруға шалдығу кезінде COVID-19 таралуын бақылау шаралары қайта қаралды.

2022 жыл ішінде компания қызметкерлерін КВИ-ге қарсы вакцинация/ревакцинациялау бағдарламасы бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. Компания қызметкерлерімен және мердігерлермен бірнеше кездесулер ұйымдастырылды, онда вакцинация/ревакцинациялау маңыздылығы туралы ақпарат талқыланды, «Дәрігерден сұра» онлайн сессиялары өткізілді. Компанияның ішкі сайтында КВИ туралы, Қазақстан бойынша және КПО бойынша вакцинация/ревакцинация қарқыны туралы ақпарат тұрақты негізде жаңартылып тұрды. 2022 жыл бойы Ақсай аудандық ауруханасының базасында КПО вакцинациялау орталығы жұмыс істеп тұрды, онда компания қызметкерлері өздеріне ыңғайлы күні барып, вакцинация/ревакцинациядан өте алды.

Орындалған жұмыстардың нәтижесінде 2022 жылдың 31 желтоқсанында КПО қазақстандық қызметкерлерін вакцинациялау бойынша келесі көрсеткіштерге қол жеткізілді:

  • 1 доза – 3607 (94,3 %)
  • 2 доза – 3603 (94,2 %)
  • 3 доза – 3292 (91,4 %)

2022 жылғы кен орны объектілеріндегі күрделі жөндеу жұмыстары КВИ-мен байланысты эпидемиологиялық жағдай кезінде өтті. Жоспарлау және күрделі жөндеу бөлімі мен денсаулық сақтау бөлімінің бірлескен әрекетінің арқасында КПО компаниясы, күрделі жөндеуге тартылған мердігерлер пандемияның келесі толқыны болуы мүмкін болса да, жұмыстың барлық көлемін орындауға дайын болды.

Ақсай қаласындағы аурухананың жедел медициналық көмек көрсету қызметінің сапасын жақсарту жөніндегі әлеуметтік жоба

2020 жылдың қаңтар айынан бері жалғасып келе жатқан жоба халықаралық стандарттарды енгізу арқылы 5 жыл ішінде ауруханадағы жедел медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған. Жоба қарқыны туралы соңғы есеп аурухананың негізгі тиімділік көрсеткіштерінің жақсарғанын көрсетеді (мысалы, хирургиялық, қарқынды терапия бөлімшелері және жалпы өлім-жітім көрсеткіштері). Шетелдік мамандар үздіксіз медициналық білім беру бағдарламасын сәтті жүзеге асыруда, бұл жобаның табысты болуы және енгізіліп жатқан өзгерістердің тұрақтылығы үшін өте маңызды.

2022 жылдың желтоқсанында КПО ауруханамен бірлесіп жобаның нәтижелерін тексеру және ірі апат болған жағдайда шұғыл көмек көрсету кезінде өзара әрекеттесуді пысықтау мақсатында жаттығулар өткізілді. Оқу-жаттығу нәтижесінде, аурухана қызметкерлері медициналық сұрыптауды дұрыс жүргізуге, емдеу жоспарын құруға және медициналық көмекті сауатты көрсетуге қабілетті екенін көрсетті.

Қызметкерлердің ауруға шалдығуын бақылау

Медициналық сақтандыру

КПО қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасында кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерді толықтыратын медициналық сақтандырумен қамтамасыз етілген.

2022 жылы КПО персоналына сауалнама жүргізу нәтижесінде және кәсіподақ ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып, денсаулық сақтау бөлімі кадрлар бөлімімен және келісімшарттық жұмыс және сатып алу бөлімімен медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызмет көрсету көлемін жаңарту және кеңейту бойынша бірлескен жұмыс бастады. Сақтандырудың қолданыстағы көлемін жақсарту мүмкіндігін толық түсіну үшін басқа жетекші мұнай-газ компанияларының қызметкерлеріне ұсынылатын медициналық сақтандыру қызметтеріне салыстырмалы талдау жүргізілді.

Денсаулық сақтау бөліміндегі цифрландыру бағдарламасы

Электрондық медициналық тексеру жүйесі (ЭМТЖ) – міндетті рейс алдындағы және рейстен кейінгі, ауысымаралық дәрігерлік тексеруді толық автоматтандырған цифрландыру және оңтайландыру жобаларының бірі. ЭМТЖ бағдарламалық-аппараттық кешендері компанияның барлық бес медициналық пунктінде орнатылған. 2022 жылы 148 594 медициналық тексеру жүргізілді, 191 қызметкер медициналық көрсеткіштер бойынша жұмысқа жіберілмеді.

Цифрландырудың тағы бір жобасы қызметкерлердің электрондық медициналық деректер базасын жаңарту болды. Клиникалық жазбалар мен мерзімді медициналық тексерулер модульдері жаңартылды. Жүйе қызметкерлерді кезекті медициналық тексеруден және ревакцинациядан өту уақыты туралы автоматты түрде хабардар етеді. Медициналық тексеруден өткеннен кейін қызметкерлер нәтижелерді автоматты түрде алады.

Денсаулықтарына байланысты қызметкерлердің жұмыс орнында болмауын бақылау

2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда КПО қызметкерлерінің денсаулық жағдайы бойынша жұмыс орнында болмау көрсеткіштері шамалы өсті. Тыныс алу мүшелерінің аурулары санының өсуі байқалады, бұл маусымдық сипатқа ие, сондай-ақ елдегі КВИ, ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың мерзімді өсуіне байланысты.

6-сызба. КПО-дағы жұмыс орнында болмау көрсеткіштері, 2015–2022 жылдар

Прим.: для расчета показателя отсутствия на рабочем месте в КПО применяется следующий метод:

  • Показатель отсутствия на рабочем месте = фактическое количество дней, потерянных вследствие отсутствия на рабочем месте (по болезни) x 100 / общее количество работников. Cведений о днях отсутствия на рабочем месте по иным причинам нет.
  • В КПО принята методика расчета отсутствия на рабочем месте по количеству сотрудников (а не человеко-часов), так как данная методика является требованием контролирующих органов.

Кәсіптік аурулар

Денсаулықты сақтау компанияның негізгі басымдықтарының бірі болып табылады және еңбек саласында маңызды рөл атқарады. Жұмыстағы қызметін орындау ешбір жағдайда денсаулыққа зиян келтірмеуі керек, яғни денсаулықты сақтау еңбек тиімділігінен жоғары тұрады.

Компания қызметкерлердің денсаулығына қауіп төндірмей, өздерінің еңбек тапсырмаларын тиісті түрде орындай алатындай еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді.

2022 жылы КПО қызметкерлері арасында кәсіптік аурулар тіркелген жоқ.

Жұмысқа жарамдылық

Қызметкерлердің денсаулық жағдайын үнемі бақылай отырып, ауруларды бастапқы кезеңдерде диагностикалауға, олардың алдын алуға, олардың одан әрі дамуына жол бермеуге және қажет болған жағдайда көрсетімдер бойынша емдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес компания қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Бұл денсаулықты сақтау және кәсіби күтім жасау үшін жақсы мүмкіндік.

Осының арқасында қызметкерге қандай жағдайларда жұмыс істеуге болмайтынын және қызметкердің қандай функционалдық міндеттерді орындай алатынын анықтауға болады.

2022 жылы міндетті медициналық тексерулермен қамту пайызы 96 % құрады, атап айтқанда:

  • 01.01.2022 ж. деректер бойынша міндетті мерзімді медициналық тексеруден өту қажет қызметкерлер саны – 1 945.
  • Міндетті мерзімді медициналық тексеруден өткені – 1 869 қызметкер
  • Жұмыстан шығарылуына, ұзақ демалыста болуына, ұзақ ауруына байланысты медициналық тексеруден өтпеген қызметкерлер саны –76 қызметкер
  • Жұмысқа жарамды деп танылғаны – 1 869 қызметкер
  • Жұмысқа жарамсыз деп танылғаны – 0 қызметкер
  • Кәсіптік аурулары анықталғаны – 0 қызметкер
  • Шектеулермен жұмыс істеуге жарамды деп танылғаны – 5 қызметкер

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істемейтін КПО-ның барлық қызметкерлеріне міндетті медициналық тексерулерге қоса жұмыс берушінің қаражаты есебінен жалпы денсаулық жағдайын анықтайтын медициналық тексеруден өту ұсынылады.

Салауатты өмір салтын насихаттау

Психологиялық қолдау бағдарламасы

Қызметкерлерге психологиялық қолдау көрсету бағдарламасы алаңдаушылық, депрессия, үрей сияқты және т.б. психологиялық мәселелер салдарынан КПО қызметкерлерінің денсаулығына зиян келтірудің (соматикалық аурулар, өз дене мүшесін зақымдау және суицид) алдын алуға бағытталған. Бұл бағдарлама аясында мультимедиа, бейне немесе бетпе-бет кездесулер, 24/7 қол жетімді сенім телефонын, топтық сабақтарды және вебинарлар көмегімен қызметкерлер мердігерлік компанияның білікті психологтарының құпия кеңестерін ала алады. 2022 жылы әр түрлі консультация турлері арқылы қызметкерлерден 464 өтініш түсті.

10 қазанда КПО Бас директорының Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай үндеуінен кейін қызмет көрсетуші EAP Lotus MHH компаниясы жалпы саны 340 қатысушымен КПО қызметкерлеріне арналған бірқатар вебинарлар өткізді.

2023 жылы КПО басшылығы Стресске төзімділік бағдарламасының қайта жандануын құптады. Материалдар өткен тәжірибені ескере отырып қайта қаралды және 2023 жылдың басынан бастап бағдарламаны іске асыру үшін жаңа фасилитаторлар тартылатын болады.

Қажумен байланысты қауіп-қатерлерді басқару

2022 жылы компанияның барлық қызметкерлеріне Қажумен байланысты қауіп-қатерлерді басқару8,қажумен байланысты қауіп-қатерді бақылау шаралары бойынша қайта онлайн оқыту жүргізілді. Оқытудан өткен қызметкерлердің жалпы саны:

  • 1-модуль «Қажумен байланысты қауіп-қатерлерді басқару» – 1 813 қызметкер
  • 2-модуль «Қажумен байланысты қауіп-қатерлерді бақылау шаралары» – 1 991 қызметкер
  • 3-модуль «Участке жетекшілеріге арналған қажумен байланысты қауіп-қатерлерді басқару» – 2 289 қызметкер

8 Қажу – бұл ұйқының болмауы кесірінен ақыл-ой немесе физикалық өнімділіктің төмендеуі.

Өндіріс объектілерін өнеркәсіптік бақылау

КПО өндірістік нысандардың санитарлық-гигиеналық жағдайын үнемі қадағалап отырады. Төменгі кестеде соңғы үш жылда өткізген мониторинг нәтижелері көрсетілген.

17-кесте. Өнеркәсіптік факторларды бақылау, 2020–2022 ж.

Өнеркәсіптік факторлар

2022

2021

2020

Жүргізілген зерттеулер саны

Сәйкессіздіктер саны

Зерттеулер саны

Сәйкессіздіктер саны

Зерттеулер саны

Сәйкессіздіктер саны

Шу

420

91

368

83

398

110

Тербеліс

75

16

63

12

63

15

Электромагниттік өрістер

3 968

27

3 676

50

3 500

35

Электрстатикалық өрістер

2 342

0

2 048

0

1 737

0

Жарық

3 045

27

2 743

730

2 861

660

Микроклимат

6 258

575

5 250

360

5 670

430

Жұмыс аймағының ауасы

13 965

0

12 342

0

11 607

0

БАРЛЫҒЫ

30 073

736

26 490

1 235

25 836

1 250

Нормативті талаптардың сақталмауының әр жағдайы талданып, тиісті шаралар қабылданады.

Өндірістік нысандарды аттестау

Әр бес жыл сайын өткізілетін өндірістік объектілерді міндетті аттестаттау еңбек жағдайын бағалауға бағытталған.

2022 жылы өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша соңғы аттестаттау нәтижелері бойынша түзету жоспарының бірқатар шаралары жүзеге асырылды. Аспаптық өлшеу нәтижелері бойынша жарықтандыру деңгейі төмен болған 123 жұмыс орнында шамдар ауыстырылып, қосымша жарық көздері орнатылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жарықтандыру деңгейі қалыпты жағдайға келтірілді.

2023 жылы ҚӨК, ГКДҚ-2, ГКДҚ-3, Бас цех, Бас қойма, Химиялық зертхана, Үлкен Шаған МАС, Атырау терминалы сияқты 8 нысан еңбек жағдайлары бойынша жоспарлы аттестацияға жатады. 2022 жылы барлық дайындық жұмыстары жүргізіліп, аттестаттау комиссиялары құрылып, жұмыс көлемі қайта қаралды.

Денсаулыққа теріс әсердің тиюін болғызбау үшін үнемі қауіп-қатерлерді бағалау және басқару, еңбек жағдайларын гигиеналық нормалау критерийлеріне сәйкес эргономикалық бағалау жүргізіледі, сонымен қатар талаптарға қайшы сәйкессіздіктерді жою бойынша шаралар қабылданады. 2022 жылы 24 жұмыс орны бағаланды.

2022 жылы күрделі жөндеуді дайындауға және жүргізуге денсаулық сақтау бөлімінің қатысуы

Күрделі жөндеуді (КЖ) дайындау және жүргізу процесінде орындалған негізгі аспектілер:

  • Денсаулық сақтау бойынша КЖ жоспарын дайындау. Бұл құжатта КПО, мердігерлер және денсаулық сақтау бөлімі 2022 ж. КЖ шеңберінде денсаулыққа қауіп-қатерді басқаруға қатысты орындауы керек негізгі іс-шаралары сипатталған.;
  • Төтенше медициналық көмек көрсету қауіп-қатерлерін бағалау критерийлері әзірленді, олар аудит жүргізу үшін пайдаланылды;
  • Күрделі жөндеуге дайындық бойынша мердігер компаниялардың медициналық орталықтарына 8 аудит жүргізілді;
  • Төтенше жағдайларға қызмет көрсетуде дәйектілікті қамтамасыз ету үшін мердігер компаниялардың медициналық топтарымен өзара әрекеттестік орнатылды;
  • Мердігер компаниялардың қызметкерлері арасында күнделікті ішінара алкогольге тексеру ұйымдастырылды және өткізілді;
  • Күрделі жөндеу жұмыстарына тартылған мердігер ұйымдардың қоғамдық тамақтану орындарына 36 тексеру жүргізілді;
  • COVID-19 кезекті толқыны басталған жағдайда күрделі жөндеуге тартылған мердігер компаниялардың дайындығына тексеру жүргізілді;
  • Мердігер компаниялар өкілдерінің денсаулығына қауіп-қатерді бағалау бойынша оқыту жүргізілді;
  • Мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығы бойынша медициналық тексерулердің қорытындыларына ішінара тексеру жүргізілді және т. б.

Жоғарыда аталған барлық іс-шаралар, сондай-ақ күрделі жөндеуге тартылған барлық бөлімдердің бірлескен жемісті жұмысы барлық жоспарланған жұмыс көлемін орындауға ықпал етті, бұл ретте компания өндірістік жақсартуларға, объектілердің тұтастығын және зауыт жабдықтарының сенімділігін арттыруға қол жеткізді.