КПО-ның ТҰРАҚТЫ
ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ 2022

Миссиямыз

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» негізгі миссиясы – Қарашығанақ кен орнын экономикалық және экологиялық тұрғыдан оңтайлы жолмен игеру және жергілікті халық үшін әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

Осы миссиямызға қол жеткізу мақсатында біз қызметімізге тұрақты даму қағидаттарын енгізуді жалғастырып келеміз. Яғни барлық қызметтерімізде біз келесілерді орындауға міндеттіміз:

  • компания қызметімен байланысты теріс әсерді барынша азайту, ал мүмкіндіктерді барынша арттыру;
  • қабылданған шешімдеріміздің ұзақ мерзімді салдарын ескеру;
  • мүдделі тараптарды сындарлы сұхбатқа тарту;
  • Корпоративтік басқарудың озық әдістерін енгізу және ашықтықты қамтамасыз ету.

КПО-ның ұзақ мерзімді даму негіздерінде бекітілген тұрақты даму қағидаттарын, сондай-ақ КПО бизнес қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Компания өз қызметін БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге өз үлесін қоса отырып жүзеге асырады.